ЖАҢАЛЫҚТАР
27-11-2021
Кездесуге ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан институтының директоры Айнұр Сәбитова ханыммен Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Әсел Майс ханым қатысты. Келіссөздер жылы, достық атмосферада және нәтижелі өтті. Тараптар серіктес университеттер арасында білім беру саласындағы жемісті дамуды жалғастыруды қозғап, қос дипломдық бағдарламаларды жүзеге асыру туралы ортақ пікірге келді, сондай-ақ 2014 жылы екі мемлекет басшылары ашқан Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан Институтының маңыздылығын атап өтті. Келіссөздер барысында бірлескен ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары белгіленді.
26-11-2021
Халықаралық француз тілі мұғалімдері күніне арналған іс-шара аясында «Қазақстанда француз тілін оқытудың қазіргі жағдайы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды». Қазақстандық іс-шараның негізгі бөлімінің модераторы Францияның Қазақстандағы Елшілігінің білім саласындағы ынтымақтастық жөніндегі атташесі Ксавье Торривеллек мырза болды.
26-11-2021
Францияның Қазақстандағы елшісі - Дидье Канес мырза, Францияның Қырғызстандағы елшісі - Франсуа Делаус мырза, Францияның Тәжікстандағы елшісі - Мишель Терран мырза, Францияның Түркіменстандағы елшісі - Изабель Гинель ханым, Францияның Өзбекстандағы елшісі - Орелия Бушез мырза. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Сорбонна-Қазақстан Институты және Alliance Française француз ынтымақтастығы аясында бүкіл Орталық Азиядағы мұғалімдер, ғалымдар және жас зерттеушілер үшін пікір алмасу орталығына айналды.
26-11-2021
Кездесу гибридті форматта Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан Институтының алаңында Білім саласындағы ынтымақтастық жөніндегі атташе Ксавье Ле Торривеллек мырзаның, Сорбонна-Қазақстан институтының директоры (Қазақстан) Айнұр Сәбитова және Сорбонна-Қазақстан Институтының директоры (Франция), Кристин Бутейе ханымның қатысуымен өтті.