ЖАҢАЛЫҚТАР
16-01-2020
Қазақстанның Еуропадағы сенімді әріптестерінің бірі – Франция. Жаһан жұртын өзіне ынтық етіп, туристер үшін жер жұмағына айналған аядай мемлекет тұрақты даму жолынан таймай келеді. Экономикасын ғана емес, мәдениеті мен ғылым-білімін өркендету тұрғысынан да француздар көпке үлгі. Сондықтан Қазақстан үшін Франциямен ынтымақтастық орнатудың мәні зор. Екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің бір дәнекері – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің базасында құрылған Сорбонна-Қазақстан институты. Жуырда осы институттың директоры Айнұр Сәбитовамен тілдесіп, білім ошағында атқарылып жатқан толымды істер жайлы әңгімелесудің сәті түсті.
10-01-2020
Күні бүгін еліміз әлемнің алып мемлекеттерімен әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салада иық түйістіре, ынтымақтаса тәжірибе алмасатын жағдайға жетті. Еуропа саяси тұрақтылығымен ерекшеленген аймақ десек, соның ішінде, Франция мемлекеті ерекше позицияға ие. Мұнда білім беру жүйесі озық жолға қойылған. Қазір екі елдің оқу және оқыту жөніндегі әріптестігін нығайту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.