ЖАҢАЛЫҚТАР
12-11-2021
Іс-шараға НСОД мүшелері, белгілі қазақстандық саясаттанушылар мен әлеуметтанушылар қатысты. Іс-шараны ҚР Президентінің көмекшісі, Ұлттық кеңестің хатшысы Ерлан Карин ашты.
12-11-2021
Осы кездесу шеңберінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің (АҚДМ) қызметіне қатысты кең ауқымды мәселелер сындарлы талқыланды. Сондай-ақ, "Ұлттық Рухани Жаңғыру"ұлттық жобасы аясында Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерді шешу үшін жоспарланған іс-шаралар кешенінің тұсаукесері өтті.
12-11-2021
Офлайн сайлау барысында университетке қарасты 7 институттан 14 үміткер
қатысып, үміткерлер жобаларын қорғады. Сорбонна-Қазақста институтынан офлайн форматқа «Халықаралық құқық» мамандығының 3 курс студенті – Әбілжанов Досхан мен «Есеп және аудит» мамандығының 2 курс студенті – Әуезханова Гүлжазира қатысып, өздерінің дайындаған жобаларын қорғап шықты. Офлайн сайлауға арнайы комиссия мүшелері құрылып, дауыс берді. Комиссияның дауыс беру нәтижесінде Сорбонна-Қазақстан институты бойынша Студенттік Парламентке «Халықаралық құқық» мамандығының 3 курс студенті – Әбілжанов Досхан өтті.
11-11-2021
2021 жылғы 11 қарашада гибридті режимде Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі консультативтік кеңестің отырысы өтті.
Отырысты ашқан Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ. Мәми Ғылыми-консультативтік кеңестің кезекті отырысы маңызды мәселелерге арналғанын атап өтті. Тәуелсіздіктің 30 жылдығында біз осы заманғы қазақстандық мемлекеттілікті қалыптастыру мен дамытудағы Негізгі Заңның рөлін тағы да талдағымыз келеді, деді спикер.
Отырыс барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының тәуелсіз қазақстандық мемлекет пен азаматтық қоғамды дамытуға қосқан үлесі қорытындыланды, сондай-ақ мемлекеттік орган ұғымы мен мәртебесінің конституциялық-құқықтық негіздері мәселелері қаралды.
Ғылыми-консультативтік кеңес мүшелері, заң ғылымдарының докторлары Е. Әбдірәсілов, С. Ударцев және Ш. Тлепина бірінші мәселе бойынша таныстырылымдар дайындады.
Рухани Жаңғыру конституциялық құқық ескерткіштерінің бірі - өткен ғасырдың басында әзірленген Б. Сыртановтың қазақтардың Конституциясы жобасы жан- жақты зерделенді.
Екінші мәселе бойынша Каспий университетінің Жария құқық ҒЗИ директоры Р.Подопригора, Орталық Азия бойынша халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамы (GIZ) өңірлік бағдарламасының жетекшісі Йорг Пуделька және Д.А. Қонаев атындағы Еуразия заң академиясы ректорының кеңесшісі профессор Э. Дүйсенов баяндама жасады.
Толығырақ мәлімет www.ksrk.gov.kz