ЖАҢАЛЫҚТАР
23-11-2021
23 қарашада Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Сорбонна-Қазақстан Институтының алаңында «Заң кадрларын даярлау» тақырыбында кезекті құқықтық диалогтар өтті.
23-11-2021
“Француз және Еуропалық құқықтық және экономикалық жүйе” (Université de Lorraine), (IFELES: «Introduction to French and European legal and economic system») бағдарламасы бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ, Сорбонна-Қазақстан институтының түлектерін қосдиплодмдық дәрежелі магистратураны сәтті аяқтауларымен және Лотарингия университетінің диплом табыстауымен құттықтаймыз!
18-11-2021
2021 жылғы 18 қарашада студенттер мен магистранттардың 76-шы ғылыми конференциясы шеңберінде Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан институтының пленарлық сессиясы өтті. Ұйымдастырушылар: "Халықаралық құқық" кафедрасы, "Халықаралық қатынастар" кафедрасы және "Экономикалық мамандықтар"кафедрасы. Пленарлық сессияны Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан Институтының директоры Айнұр Сәбитова ашты. Өз кезегінде құттықтаумен ҚазҰПУ-дың зерттеу қызметі жөніндегі проректоры, з.ғ.д. Ермек Бөрібаев және "Халықаралық құқық" кафедрасының меңгерушісі, ҚР ҰҒА академигі, з.ғ.д. профессор Салахиден Сәбикенов сөз сөйледі. Конференцияның модераторлары: әлеуметтік ғылымдар магистрі, Сорбонна-Қазақстан Институтының түлегі Әсел Ибрагимова және "Халықаралық құқық" мамандығының 1 курс магистранты Арайлым Ерхан. Іс-шара үйлестірушілері: директордың ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары, PhD Қуаныш Алпысбаев; ф.ғ. д., қауымд. профессор Шынар Сәбитова, э.ғ.к. Айнұр Исаева және әлеуметтік ғылымдар магистрі Арзыгуль Исламова. Спикер ретінде Сорбонна-Қазақстан институтының студенттері мен магистранттары халықаралық құқықтың, халықаралық қатынастардың және экономикалық бағыттағы өзекті тақырыптар бойынша баяндама жасады.
18-11-2021
76-шы студенттер және магистранттардың ғылыми конференциясы аясында ұйымдастырылған пленарлық отырыстың екінші бөлімі секциялық форматта өтті. Студенттер мен магистранттар өз ғылыми баяндамаларын әр түрлі аудиторияларда, келесідей секциялардың жұмысы барысында қорғады: 1-ші секция – "Қазіргі жағдайдағы халықаралық құқықтың өзекті мәселелері", 2-ші секция - "Халықаралық қатынастар", 3-ші секция – "Қазақстан экономикасын дамытудың өзекті мәселелері: мүмкіндіктер мен перспективалар". Секциялардың жұмысы гибридті форматта өтті (офлайн және онлайн).