ЖАҢАЛЫҚТАР

27-05-2022

2022 жылғы 22 сәуірде француз делегациясы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінде болды.

Делегация құрамында Еуропа және Сыртқы Істер Министрлігінің (Франция) Ерекше тапсырмалар жөніндегі уәкілі Люк ЛЕВИ мырза, Еуропа және Сыртқы Істер Министрлігінің (Франция) Еуропа департаментінің басшысы Жан-Пьер МАУЕ мырза, Францияның Қазақстандағы елшіліктерінің ынтымақтастық және мәдениет жөніндегі кеңесшісі Алекс БОРТОЛАН мырза, Қазақстандағы Франция елшілігінің ынтымақтастық және білім жөніндегі аймақтық атташесі Ксавье Ле Торривеллек мырза, сондай-ақ Мәскеудегі, Өзбекстандағы және Тәжікстандағы Франция елшіліктерінің өкілдері болған.


Делегацияның кездесуінде Басқарма Төрағасы – Ректор Біләлов Дархан Нұрланұлы, Абай атындағы ҚазҰПУ-ның әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Нұрланов Шыңғыс Нұрланұлы; Сорбонна-Қазақстан-Институтының тең директоры Сәбитова Айнұр Әлімханқызы; Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының м.а. Мұханова Қарлығаш Бейсенқызы; Халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі Бекбанова Наргиза Әділбекқызы қатысты.


Кездесу барысында Басқарма Төрағасы – Ректор Біләлов Дархан Нұрланұлы білім және ғылым саласындағы Қазақстан-Франция ынтымақтастығының университет үшін жоғары маңыздылығы және 2014 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ университетте Сорбонна-Қазақстан Институтының жоғары деңгейде ашылғанын маңыздылығы туралы пікірін білдірді. Бұл ретте ректор Абай атындағы ҚазҰПУ-ның Франция университеттерімен ғылым, білім беру, қос дипломдық білім беру бағдарламаларын әзірлеу және т.б салалардағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған ауқымды және табысты жұмыстар атқарылғанын тілге тиек етті. Сорбонна-Қазақстан Институтының алдына қойылған міндеттерді жүзеге асыру негізінен қазақстандық және француздық тараптың тең директорлары – Айнұр Сәбитова мен Кристин Бутейе ханым ұсынған осы білім беру жобасының үйлестірушілерінің тығыз және тиімді жұмысының арқасында жүзеге асырылуда.

Өз кезегінде Францияның Қазақстандағы Елшілігінің ынтымақтастық және мәдениет жөніндегі кеңесшісі Алекс Бортолан мырза да өз сөзінде Абай атындағы ҚазҰПУ мен Франция университеттері арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың маңыздылығына назар аударып, Сорбонна-Қазақстан Институты - Қазақстан мен Франция арасындағы білім және ғылым саласындағы табысты ынтымақтастықтың жарқын мысалы екеніне тоқталды. Алекс Бортолан мырза Сорбонна-Қазақстан Институтының қызметін одан әрі дамытуға және білім беру саласындағы Қазақстан-Франция ынтымақтастығына сенім білдірді.


Әдептілік сапары аясында хаттамалық кездесу аяқталғаннан кейін француз делегациясы Абай атындағы ҚазҰПУ-ның мұражайында болды, онда университет түлектері мен оқытушыларының туындылары: музыкалық халық аспаптары, кескіндеме және өнердің басқа да түрлері көрсетілді. Француз тарапының қатысушылары Абай атындағы ҚазҰПУ тарихы мен жетістіктеріне үлкен қызығушылық танытты.


Осы ретте француз делегациясы үшін Сорбонна-Қазақстан Институтының ғимаратына экскурсия ұйымдастырылды, оның барысында олар оқу және лингафондық зертханаларды, сондай-ақ Сорбонна-Қазақстан Институтының базасында Абай атындағы ҚазҰПУ, Франкофониялық университеттер агенттігі және Францияның Қазақстандағы елшілігі арасындағы ынтымақтастық аясында ашылған Университет жетістіктері орталығын, «Франция – цифрлық білім беру орталығын» көрді.

1
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ІЗДЕУ


МҰРАҒАТ


БАСТЫ БЕТ
БІЗ ТҰРАЛЫ
БІЛІМ
ШЕТЕЛДIК ТАЛАПКЕРЛЕР
КАФЕДРАЛАР
СТУДЕНТТІК ӨМІР
ФРАНЦИЯДА ОҚУ
ГАЛЕРЕЯ
СЕРІКТЕСТІКТЕР
МАНСАП
ФРАНЦУЗ КУРСТАР
БАЙЛАНЫСТАР
ИНТРАНЕТ
ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
© 2017 SORBONNE.KZ