НОВОСТИ

10-01-2020

Осы бағытта қазақстандық жастардың елден шықпай еуропалық стандарттарға сай сапалы жоғары білім алуына толық мүмкіндік туғызу үшін Елбасының тапсырмасымен Сорбонна-Қазақстан институты құрылған болатын.

2014 жылы 6 желтоқсанда сол кездегі Қазақстан мен Франция мемлекетінің басшылары Н.Назарбаев пен Ф.Олландтың қатысуымен салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Сорбонна-Қазақстан институты – Қазақстанның тұңғыш жоғары оқу орны, педагогикалық білім беру флагманы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің аясында жұмыс істейді. Білім беру қазақстан-француздық халықаралық бағдарламаларға сай бакалавриат және магистратура, докторантура деңгейлері бойынша жүзеге асырылады. Сорбонна-Қазақстан институтында жетпіс пайыздан астам пәндерді Франциядан арнайы шақырылған мамандар француз тілінде оқиды. Білім ордасына оқуға қабылдану үшін француз тілін білуі шарт емес, алайда, оқу орнын тәмамдағанша, студенттерге тілді еркін меңгеруі міндеттеледі.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Сорбонна Париж Сите университетінің әріптестігі негізінде 2014 жылы магистрлерді «Халықаралық қатынастар» («Жаһандану жағдайындағы халықаралық диалог») және «Менеджмент» («Қазіргі әлемдегі өзгерістерді басқару») мамандықтары бойынша арнайы қос-дипломды қазақ-француз бағдарламасы іске қосылды.

2018 жылдың 1 қыркүйегінен аталған институтқа жаңа іскер менеджерлер келді. Оны қос директор: Қазақстан тарапын – заң ғылымдарының докторы, профессор Айнұр Әлімханқызы Сәбитова, ал Франция жағын – Кристин Бутейе (қазіргі кезде) басқарады. Сәбитова ханым басшылыққа келгенге дейін бұл білім ордасында көптеген түсінбеушіліктер орын алды. Сол кездегі Франция елшілігінің білім жөніндегі атташесі Жиль Маметц мырзаның көмекке келуі арқасында институт қайтадан жанданды. Екі басшының қоян-қолтық жұмысы, өзара түсіністігі мен бірін-бірі қолдауы өз нәтижесін берді.

Айнұр Сәбитова 1997 жылы Абай атындағы АМУ (қазіргі Абай атындағы ҚазҰПУ-дың) халықаралық қатынастар факультетінің «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген. «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Вашингтон университетінде білім алған. Халықаралық құқықтың Ресейлік Ассоциациясының мүшесі (Мәскеу), Халықаралық құқықтың дүниежүзілік Ассоциациясының (Лондон) жеке мүшесі, Халықаралық құқықтың Қазақстандық Ассоциациясының ғылыми хатшысы. Қазақстан Республикасының жас әрі талантты ғалымдарына арналған ҚР Президенті стипендиясының үш мәрте лауреаты, Француз Республикасы Бас прокуратурасы мен Магистратының (Жоғарғы Соты) мемлекеттік медалінің иегері, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі ғылыми-консультативті кеңесінің мүшесі.

Сорбонна-Қазақстан институтына басшылыққа Айнұр Сабитованың келуімен Францияның жоғары оқу орындарымен бірлесіп, қос дипломды бағдарлама бойынша Сорбонна Париж 13 («Денсаулық сақтау жүйесін басқару» бағдарламасы бойынша), Сорбонна-Париж-Сите университеттер қауымдастығына кіретін INALCO университетімен («Халықаралық қатынастар»), Страсбург университетімен («Халықаралық және еуропалық құқық» бағдарламасы бойынша), Лотарингия университетімен («Фискалдық құқық» бағдарламасы бойынша), Пуатье университетімен («Экономика», «Маркетинг») бірнеше оқу бағдарламаларын ашты. Жыл сайын франциялық әріптес университеттерге магистранттарды ғылыми тағылымдамадан өтуге, бакалавриаттың француз тілін еркін меңгерген студенттерін академиялық ұтқырлық бойынша оқуға жіберу жолға қойылды.

Былтырғы жылдың 5 қазанда «Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Сорбонна-Қазақстан институтының даму стратегиясы» І-қазақ-француз форумы болып өтті. Осы форумда білім беру саласындағы қазақ-француз қарым-қатынасы талқыланып, Сорбонна-Қазақстан институтының даму стратегиясы нақтыланды.

Осы жылдың қаңтарында Франция мен Қазақстан арасындағы сауда-өнеркәсіп палатасының отырысында институтта Орталық Азия және Қазақстандағы ірі франциялық компанияларға институт бітіруші түлектердің жұмысқа орналасуына мүмкіндік беретін «Мәнсап және инновация орталығы» ашылды. Ал, 19 сәуірде «Қауіпсіздікті қамтамасыз ету: мемлекет пен қоғамның рөлі» II-қазақ-француз форумы өте жоғары деңгейде өтті. Оны Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Сорбонна-Қазақстан институты, Францияның Қазақстандағы елшілігі, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры, Қазақстан-Франция сауда-өнеркәсіп палатасы бірлесіп ұйымдастырды. Оған Қазақстан мен Францияның мемлекеттік органының қызметкерлері, еуропалық сарапшылар, жоғары деңгейдегі мәртебелі қонақтар қатысты.

«Астана» халықаралық қаржы орталығымен бірлескен «Cases Law» орталығы ашылды. Аталмыш ұйым инвестициялық сауаттылықты арттыру, біріккен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, біліктілікті көтеру, ғылыми –зерттеулер жүргізуді көздейді.

Осы жылдың 19 қыркүйегінде QS WORLDWIDE форумның аясында «Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырудағы университеттердің рөлі: Қазақстан мен Франция университеттері арасындағы ынтымақтастық» ІII-қазақ-француз форумы өтті. А.Сәбитованың іскерлік қабілетін француз тарапы жоғары бағалауда. Франция Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Филлип Мартине мырза республикалық деңгейдегі өтетін шараларға әрдайым қатысып, институттың Франция мен Қазақстан халықтары арасындағы қарым-қатынастардың одан әрі дамуына барынша ат салысуда.

Биылғы 7 қазанда Сорбонна-Қазақстан институтында «Ізгілік елшісі» ұлттық жобалық кеңсесінің тұсаукесері болды. Жобалық кеңсені ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасы А.Шпекбаев мырза ашып, жобаға сәттілік тіледі. Жобаның мақсаты – жастардың санасын өзгерту және олардың бойында парасаттылық, адалдық, қайырымдылық сияқты ізгі қасиеттерді қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алға қойған міндеттерімен толық сай келеді. «Ізгілік елшісі» ұлттық жобасына республиканың 16 аймағы қосылды. Осынау ұлттық жобасының волонтерлері көптеген ізгі істермен айналысуда.

Сорбонна-Қазақстан институтында «Халықаралық құқық», «Халықаралық қатынастар», «Экономикалық мамандықтар» кафедралары жұмыс жасайды. Қазіргі кезде магистратура, докторантура бойынша «Абай-Верн» стипендиялық бағдарламасымен Францияда білім алу мүмкіндігі туды. Бұл бағдарлама бойынша, жыл сайын 100 стипендия бөлініп, қазақстандықтар жарты жыл, бір жыл көлемінде француз университеттерде магистратура және докторантура бағдарламасымен білім алады.

Жыл сайын 4-10 студент AMICIF (Франкофония орталықтарының халықаралық клубы) аясында Францияның әртүрлі қалаларында бір айлық тілдік тағылымдамадан өтеді. Институты осы жылдар ішінде әртүрлі халықаралық деңгейдегі 40-тан астам іс-шаралар ұйымдастырды. Олардың жұмысына Францияның Орта Азиялық зерттеулер институты, халықаралық сарапшылар, беделді қазақстандық және шетелдік ғалымдар қатысты.

Институтта ай сайын студенттер мен жұмыс берушілер – шетелдік компаниялардың өкілдерімен ателье « Parlons pro, parlons français !» аясында кездесулер өткізіліп тұрады. «Франкофония наурызы», «Оқу мерекесі», «Кино клуб», француз тіліндегі «Дискуссиялық клуб» сынды дәстүрге айналған франкофония фестивальдері аясында концерттер, кино-клубтар, драма үйірмелері тұрақты ұйымдастырылады.

Еуразия кеңістігінің кіндігі саналатын Қазақстан үшін Франция сынды Еуропаның алпауыт мемлекетімен дипломатиялық тиімді қарым-қатынаста болуы қай тұрғыдан алып қарасақ та елдігіміздің еңсесін көтеретін ұтымды шешім болмақ.

Қайрат ИСАҒАЛИЕВ,

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дипломаты,

Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан

институтының профессоры

СІЛТЕМЕ: https://merei-m.kz/ru/2019/12/31/sorbonna-aza-stan-o-u-ornyny-ashyluy-k-p-zhyl-y-diplomatiyany-zhemisi/

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1
ВСЕ НОВОСТИ
ПОИСК НОВОСТЕЙ


АРХИВ


ГЛАВНАЯ
О НАС
ОБРАЗОВАНИЕ
ИНОСТРАННЫМ АБИТУРИЕНТАМ
КАФЕДРЫ
ЖИЗНЬ СТУДЕНТА
ОБУЧЕНИЕ ВО ФРАНЦИИ
ГАЛЕРЕЯ
ПАРТНЕРЫ
КАРЬЕРА
КУРСЫ ФРАНЦУЗСКОГО
КОНТАКТЫ
ИНТРАНЕТ
ЧАВО
© 2017 SORBONNE.KZ