10-01-2022

Абай атындағы ҚазҰПУ, Сорбонна-Қазақстан институтының ұжымы мен «Акселератор добра: Ізгілік елшісі» жалпыұлттық еріктілер қозғалысы, Қазақстан Республикасының Президенті Қасымжомарт Тоқаев мырзаға жан-жақты қолдау білдіруде. Мемлекетіміз үшін қиын сынақтар кезінде ел Президенті өзінің қайсарлығын, халқына деген патриоттық сезімін көрсетті. Қазақстан Республикасы Президентінің барлық іс-әрекеттері мен жүргізіп отырған саясаты, ең алдымен, бүкіл қазақ халқының қауіпсіздігіне бағытталған. Біз Мемлекет басшысы қабылдаған барлық шараларды толығымен қолдаймыз және Қазақстан Республикасы Президентінің алға қойған міндеттерін орындауға, жан-жақты қолдау көрсетуге толық дайын екенімізге сендіреміз. Біздің заңгерлік қоғамдастық волонтерлар атынан осы қиын күндерде зардап шеккен адамдарға көмек көрсетуге дайын.
Жүрегіміздегі бар азаппен қаза тапқан құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметкерлері, бейбіт тұрғындар үшін аза тұтамыз. Біз қаза болғандардың барлық туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз.
Сонымен қатар, француз әріптестеріміз-достарымызға: INALCO-ның қос дипломдық бағдарламасының профессорларына, Пуатье университетінің қос дипломдық бағдарламасының профессорларына және Франция Республикасының Елшілігінің дипломаттарына шынайы алғысымызды білдіреміз. Осы күндері қазақстандықтарға қолдау білдіріп, ізгі тілектерін білдіріп Қазақстан Республикасына халқымызға амандық тіледі.
Айнұр Сәбитова – Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Сорбонна-Қазақстан институтының директоры, «Акселератор добра: Ізгілік елшісі» жалпыұлттық еріктілер қозғалысының жетекшісі.

1
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ІЗДЕУ


МҰРАҒАТ


БАСТЫ БЕТ
БІЗ ТҰРАЛЫ
БІЛІМ
ШЕТЕЛДIК ТАЛАПКЕРЛЕР
КАФЕДРАЛАР
СТУДЕНТТІК ӨМІР
ФРАНЦИЯДА ОҚУ
ГАЛЕРЕЯ
СЕРІКТЕСТІКТЕР
МАНСАП
ФРАНЦУЗ КУРСТАР
БАЙЛАНЫСТАР
ИНТРАНЕТ
ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
© 2017 SORBONNE.KZ