|
Университеттің Ғылыми кеңесінің 24.04.2020 жылғы шешіміне сәйкес (№9 хаттама) 2019/20 оқу жылының көктемгі емтихан сессиясы екі форматта өтеді: тестілеу және пән бойынша ағымдық бағалар негізінде бағалау.
Емтиханды ағымдағы бағалар негізінде пәнді бағалау форматында тапсырғысы келетін студенттер институт директорының атына өтініш жазады (өтініш үлгісі қоса беріледі). Өтініш топ эдвайзеріне беріледі. Өтініш негізінде дәріс сабақтарын жүргізетін оқытушы аралық бақылаулардың орташа бағасын мына формула бойынша есептейді:
(АБ1 + АБ2) /2 = АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ ОРТАША БАҒАСЫ = АРАЛЫҚ АТТЕСТАЦИЯ (АА)
және Univer жүйесінде баға қояды.
Ағымдық бағалар негізінде пәнді бағалаумен келіспейтін студенттер емтиханды пән бойынша тест түрінде тапсырады.