ЖАҢАЛЫҚТАР

22-11-2018

2018 жылдың 22 қарашасында Францияның Париж қаласында Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Елшісі, Жан Галиев мырза, Ректор Такир Балықбаев мырзаның басқаруымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің делегациясын қабылдады. Делегация құрамында Францияның Қазақстандағы Елшілігінің университеттік ынтымақтастық жөніндегі атташесі - Жиль Маметц мырза және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Сорбонна-Қазақстан институтының директоры - Айнұр Сабитова ханым қатысты. 

          

Бұл кездесуде Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшісі Галиев Джан Сержанұлы мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Балықбаев Такир Оспанұлы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Сорбонна-Қазақстан институтын дамытудың маңыздылығы туралы келіссөздер жүргізді.

Сондай-ақ, Сорбонна-Қазақстан Институтының одан әрі дамуы мен келешегі, Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан Институтының серіктестерімен жаңа меморандумдар мен келісімдер жасаудың маңыздылығы туралы сұрақтар талқыланды.

Қазақстанның Франциядағы Елшісі Жан Галиев мырза дипломатиялық қызметтің, атап айтқанда, "Халықаралық қатынастар" және "Халықаралық құқық" саласындағы білім берудің маңыздылығы туралы өз пікірін білдірді.

Елші мырза Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Сорбонна-Қазақстан институтын дамытуға үлкен табыстар тіледі. Ол сондай-ақ Абай атындағы ҚазҰПУ-дің Сорбонна-Қазақстан Институтын дамытуға Қазақстанның Франциядағы Елшілігінен толық қолдау және көмек көрсетуге ниетін білдірді.

             

1
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ІЗДЕУ


МҰРАҒАТ


БАСТЫ БЕТ
БІЗ ТҰРАЛЫ
БІЛІМ
ШЕТЕЛДIК ТАЛАПКЕРЛЕР
КАФЕДРАЛАР
СТУДЕНТТІК ӨМІР
ФРАНЦИЯДА ОҚУ
ГАЛЕРЕЯ
СЕРІКТЕСТІКТЕР
МАНСАП
ФРАНЦУЗ КУРСТАР
БАЙЛАНЫСТАР
ИНТРАНЕТ
ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
© 2017 SORBONNE.KZ