ЖАҢАЛЫҚТАР

21-11-2018

2018 жылдың 21 қарашасында Францияның Еуропа және Сыртқы істер министрлігінде Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Балықбаев Такир Оспанұлы және Еуропа және Сыртқы істер министрлігінің Еуропа континенті бойынша директоры, Флоранс Манжэн ханыммен кездесу өтті.

Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев мырза басқарған Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан институтының делегациясын, сондай-ақ Қазақстандағы Франция Елшілігінің университеттік ынтымақтастық жөніндегі атташесі - Жиль Маметц мырзаны және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Сорбонна-Қазақстан институтының директорын - Айнұр Сабитова ханымды Еуропа және Сыртқы істер министрлігінің құрлықтық Еуропа бойынша директоры Флоранс Манжэн қабылдады.

Бұл кездесуде Сорбонна-Қазақстан Институтының даму және келешегі туралы келіссөздер жүргізілді. Флоранс Манжэн ханым осы кездесудің маңыздылығын атап өтіп және Сорбонна-Қазақстан Институтының дамуындағы оң динамикаға тоқталды. Директор ханым Ректор Балықбаев Такир Оспанұлына жоғары білім саласындағы қазақстан-француз ынтымақтастығын дамытуға алғысын білдірді.

Осы келіссөздер барысында Ректор Балықбаев Тақир Оспанұлы Сорбонна-Қазақстан Институтының дамуының жаңа кезеңі туралы әңгімеледі.

Флоранс Манжэн Қазақстанның Сорбонна институты Еуропа және сыртқы істер министрлігінде толық қолдау табатындығын атап өтті.

Келіссөздер барысында бірлесіп жүзеге асырылатын келешектегі жобалар талқыланды.

               

1
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ІЗДЕУ


МҰРАҒАТ


БАСТЫ БЕТ
БІЗ ТҰРАЛЫ
БІЛІМ
ШЕТЕЛДIК ТАЛАПКЕРЛЕР
КАФЕДРАЛАР
СТУДЕНТТІК ӨМІР
ФРАНЦИЯДА ОҚУ
ГАЛЕРЕЯ
СЕРІКТЕСТІКТЕР
МАНСАП
ФРАНЦУЗ КУРСТАР
БАЙЛАНЫСТАР
ИНТРАНЕТ
ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
© 2017 SORBONNE.KZ