|
2018 жылдың 9 сәуірінде Сорбонна-Қазақстан институтыңда «Қазіргі әлемдегі диалог концепті: философиялық ұғыну және тәжірибе жүзінде қолданылуы» атты онлайн-конференция өткізілді.
Конференцияның мақсаты: Диалог концепті мен оны тәжірибе тұрғысынан қолдануға байланысты мәселелерді шешу жолында интеллектуалдық және академиялық пікірталастарды белсенділендіру. Онлайн-конференция мәдениеттер жақындасуының халықаралық онжылдығы шеңберінде Қазақстан мен ЮНЕСКО-ның бастамаларын (2013-2022), сонымен қатар, «Цифрлық Қазақстан» атты цифрлық білімді дамытуды қолдау мақсатында өткізілді.
Онлайн конференция төмендегі өзекті тақырыптарды талқылауға арналған:
1) диалог концептін нормативтік және әртүрлі мәдениеттерде қолданылатын айрықша мәндері тұрғысынан ұғыну;
2) диалогты білім және мәдениетаралық байланыстарда тәжірибе жүзінде қолдану;
3)орта және жоғары білім жүйесіндегі мәдениетаралық диалог саласында, атап айтқанда, дүние жүзінде әзірге аналогы жоқ, бірегей инновациялық цифрлық ресурс ретінде «Мәдениетаралық диалог» онлайн-платформасы мысалында, озық тәжірибе мен практикаларды жаю.
Конференцияға қатысушылар:
Алматы қаласындағы ЮНЕСКО-ның Қауымдастырылған мектептері;
Қазақстан (Алматы қаласы), Тәжікстан (Душанбе қаласы), Ресей (Мәскеу қаласы), Үндістан (Дели қаласы), Ирак (Бағдад қаласы) және басқаларының «Дінаралық түсіністікке арналған мәдениетаралық диалог» атты ЮНЕСКО/ЮНИТВИН кафедраларының жүйесі;
Мәдениеттерді жақындастыру бойынша ЮНЕСКО Орталығы (Алматы қаласы);
Алматы қаласындағы ЮНЕСКО-ның серіктес кафедралары (Абай атындағы ҚазҰПУ, ҚазҰУ журналистика ф-тері);
Сорбонна-Қазақстан Институты (СҚИ);
ЮНЕСКО Штаб-пәтері, Әлеуметтік өзгерулер мен мәдениетаралық диалог бағдарламасы (Париж қаласы);
Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан бойынша Алматы қаласындағы ЮНЕСКО-ның Аймақтық кластерлік кеңсесі;
Қазақстан-Үндістан қоры (Алматы қаласы)