ЖАҢАЛЫҚТАР

05-07-2022

1992 жылдың 2 шілдесінде Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті «Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі туралы» ережені бекіту туралы Жарлыққа қол қойды. Содан бері 2 шілде күні «Дипломатиялық қызмет күні» ретінде тойланып келеді. Ел өміріндегі осы маңызды оқиғаға биыл 30 жыл толып отыр.


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Сорбонна-Қазақстан Институтында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дипломаттары, дипломатиялық қызмет ардагерлері еңбек етіп, білімдері мен тәжірибесін студенттермен бөлісіп жатқаны бізді қатты қуантады.


Осы атаулы күнге орай дипломатиялық қызметтің қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқан жекелеген дипломаттарға Қазақстан Республикасы Президентінің атынан грамоталар табыс етілді. Олардың қатарында құрметті Исағалиев Қайрат Исағалиұлы – Абай атындағы ҚазҰПУ-ның Сорбонна-Қазақстан Институтының профессоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дипломаты, сонымен қатар Франция-Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасының бас директоры Артықбекова Мунира Абдукаюмқызы бар.
Франция-Қазақстан Сауда-өнеркәсіп палатасының базасында құрылған «Мансап және инновация орталығы» француз тілін білетін студенттерімізге тәжірибеден өтуге мүмкіндік береді, ал үздік студенттер Қазақстан Республикасы мен Орталық Азиядағы жетекші француз компанияларында жұмысқа орналасуға ұсынылады.

  
Осы мерекелік күнге орай Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің 30 жылдығына арналған мерекелік медаль тағайындады. Бұл медаль Исағалиев Қайрат Исағалиұлына, сонымен қатар әріптесіміз Нұрмағамбетов Мақсат Әбдібекұлына берілді.


Әріптестерімізге құрмет марапаттарын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді табыс етті.
Құрметті әріптестерімізді осы тамаша мерекелерімен құттықтай отырып, өскелең ұрпақты отансүйгіштік пен өз ісіне, Отанына адалдық рухында тәрбиелеу жолында үлкен табыстар тілейміз!

82
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ІЗДЕУ


МҰРАҒАТ


БАСТЫ БЕТ
БІЗ ТҰРАЛЫ
БІЛІМ
ШЕТЕЛДIК ТАЛАПКЕРЛЕР
КАФЕДРАЛАР
СТУДЕНТТІК ӨМІР
ФРАНЦИЯДА ОҚУ
ГАЛЕРЕЯ
СЕРІКТЕСТІКТЕР
МАНСАП
ФРАНЦУЗ КУРСТАР
БАЙЛАНЫСТАР
ИНТРАНЕТ
ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
© 2017 SORBONNE.KZ