ЖАҢАЛЫҚТАР

27-06-2022

Сорбонна-Қазақстан Институтының директоры, «Акселератор добра: Izgilik Elshisi» Ұлттық еріктілер қозғалысының жетекшісі, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық Құрылтайдың мүшесі, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі профессор Сәбитова Айнұр Әлімханқызы ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысына қатысты. Отырыс шеңберінде Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясының адам құқықтарының әлеуеті мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму Министрлігінің азаматтардың бірлестіктер бостандығына деген конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету және азаматтық қоғам институттарын дамыту жөніндегі қызметі талқыланды.


Бұл ретте, 2022 жылғы 3 маусымда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Қ.Аймағамбетовтың қатысуымен өткізілген ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысы барысында профессор Сәбитова А.А. волонтерлерге жоғары оқу орнынға түсу үшін арнайы гранттар мен жеңілдіктер беру арқылы қолдау көрсету нормасын ұсынғанын атап өткіміз келеді.

   

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның 2022 жылғы 25 маусымдағы отырысы барысында бұл норма заң жобасына енгізілетіні белгілі болды. Сәбитова А.А. және барлық волонтерлерді осы жетістікпен құттықтап, алдағы уақытта да табыс тілейміз!

85
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ІЗДЕУ


МҰРАҒАТ


БАСТЫ БЕТ
БІЗ ТҰРАЛЫ
БІЛІМ
ШЕТЕЛДIК ТАЛАПКЕРЛЕР
КАФЕДРАЛАР
СТУДЕНТТІК ӨМІР
ФРАНЦИЯДА ОҚУ
ГАЛЕРЕЯ
СЕРІКТЕСТІКТЕР
МАНСАП
ФРАНЦУЗ КУРСТАР
БАЙЛАНЫСТАР
ИНТРАНЕТ
ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
© 2017 SORBONNE.KZ