ЖАҢАЛЫҚТАР

25-06-2022

Сорбонна-Қазақстан Институтының оқытушылары Асқарова Г.К., Бухина С.Б., Талдыбаева А.К., Аренова Т.В. Сорбонна-Қазақстан Институтының серіктес Пуатье Университеті (Франция) Қырғызстан Республикасында ұйымдастырған «Орталық Азиядағы университеттерге арналған француз тілі мен мәдениеті» француз тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға арналған жазғы мектеп аясында өткен семинарға қатысты.

Жазғы мектептегі семинарды Әдебиет және тілдер факультетінің Орталық Азия университеттерімен өзара әрекеттесуге жауапты профессор, Пуатье Университетінің профессоры Лича Баджини жүргізді.

Жазғы мектеп аясында «Орталық Азия мен Франциядағы заманауи әндер мен кинодағы әйел бейнесі» атты халықаралық ғылыми конференция өтті, онда Сорбонна-Қазақстан Институтының француз тілінің оқытушысы Асқарова Г.К. «Қазіргі қазақ әндеріндегі әйел бейнесі» тақырыбында ғылыми баяндама жасады.

      

Сонымен қатар, Пуатье Университеті осы жазғы мектепте білім алу үшін Сорбонна Институты-Қазақстанның «Қаржы» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Дүйсебай Мерейге грант тағайындағанын атап өткіміз келеді.

   

Мерейді және әріптестерімізді құттықтай отырып, алдағы уақытта табыстар тілейміз!

 

81
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ІЗДЕУ


МҰРАҒАТ


БАСТЫ БЕТ
БІЗ ТҰРАЛЫ
БІЛІМ
ШЕТЕЛДIК ТАЛАПКЕРЛЕР
КАФЕДРАЛАР
СТУДЕНТТІК ӨМІР
ФРАНЦИЯДА ОҚУ
ГАЛЕРЕЯ
СЕРІКТЕСТІКТЕР
МАНСАП
ФРАНЦУЗ КУРСТАР
БАЙЛАНЫСТАР
ИНТРАНЕТ
ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
© 2017 SORBONNE.KZ