|
Сорбонна-Қазақстан Институтының директоры, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ҰҚКК мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Айнұр Сәбитова Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің отырысына қатысты.
Отырыс Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы аясындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды талқылауға арналды.
Жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен республика бойынша қоғам қайраткерлері қатысты.