ЖАҢАЛЫҚТАР

03-06-2022

2022 жылдың 3 маусымында Сорбонна Париж Ұлттық Шығыс тілдері мен мәдениеттері институтымен (INALCO) бірлесіп жүзеге асырылатын INALCO «Жаһандық сынақтар» қосдипломды білім беру бағдарламасының магистранттарына француз тілінде диссертация жазу бойынша семинар өтті. Семинарды INALCO және Париж-Ситэ Сорбонна университетінің профессор-зерттеуші, Орталық Азия бойынша ғылыми зерттеулердің сарапшысы, тарих ғылымдарының докторы Катрин Пужоль ханым жүргізді.

Сорбонна-Қазақстан Институтының директоры Айнұр Сәбитова Катрин Пужоль ханымның ауқымды ғылыми қызметін құптап, атап өтті. Айнұр Сәбитова бүкіл институт атынан Катрин Пужоль ханымға ғылыми ынтымақтастық пен INALCO бағдарламасының магистранттарына ғылыми диссертация жазуға басшылық жасағаны үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ семинарға қазақстандық тараптан магистранттардың ғылыми жетекшілері болып табылатын Сорбонна-Қазақстан Институтының профессорлары қатысты: Мұрат Сембинов - тарих ғылымдарының кандидаты, профессор және Аймена Құрманғали - саяси ғылымдарының докторы, доцент. 

1
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ІЗДЕУ


МҰРАҒАТ


БАСТЫ БЕТ
БІЗ ТҰРАЛЫ
БІЛІМ
ШЕТЕЛДIК ТАЛАПКЕРЛЕР
КАФЕДРАЛАР
СТУДЕНТТІК ӨМІР
ФРАНЦИЯДА ОҚУ
ГАЛЕРЕЯ
СЕРІКТЕСТІКТЕР
МАНСАП
ФРАНЦУЗ КУРСТАР
БАЙЛАНЫСТАР
ИНТРАНЕТ
ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
© 2017 SORBONNE.KZ