ЖАҢАЛЫҚТАР

06-05-2022

2022 жылдың 5 мамыр күні Мемлекеттік хатшы Ерлан Қариннің қатысуымен «Конституция 2022: Екінші республиканың негізі» атты сарапшылар талқылауы өтті. Жиынға Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері, белгілі саясаттанушылар мен заңгерлер, соның ішінде Сәбитова Айнұр Әлімханқызы Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна Қазақстан Институтының Директоры, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі Комиссиясының мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор, қатысты. 
Кездесуде Ерлан Қарин Конституциялық кеңес оң қорытындысын берген Ата Заңға енгізілетін түзетулер мен толықтырулар жайында сөз қозғады. Мемлекеттік хатшы конституциялық реформа билік тармақтары арасындағы қарым-қатынас баланысын оңтайландыруға, халықтың мемлекетті басқару ісіне араласуын кеңейтуге және қазақстандықтардың конституциялық құқығының қорғалуын күшейтуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Өз кезегінде Ұлттық кеңес мүшелері мен саясаттанушылар ел Конституциясына енгізілетін өзгерістерді қолдады. Жиында аталған өзгерістерді әзірлеу барысында Ұлттық кеңес мүшелерінің ұсыныстары мен ұсынымдары ескерілгеніне назар аударылды.
Кездесу соңында сарапшылар конституциялық реформа қазіргі саяси модельді жүйелі түрде трансформациялауға негіз болады деп қорытынды жасады.
Ақпарат көзі: https://www.akorda.kz/kz/memlekettik-hatshy-sarapshylarmen-konstituciyalyk-reformany-talkylady-543752 

1
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ІЗДЕУ


МҰРАҒАТ


БАСТЫ БЕТ
БІЗ ТҰРАЛЫ
БІЛІМ
ШЕТЕЛДIК ТАЛАПКЕРЛЕР
КАФЕДРАЛАР
СТУДЕНТТІК ӨМІР
ФРАНЦИЯДА ОҚУ
ГАЛЕРЕЯ
СЕРІКТЕСТІКТЕР
МАНСАП
ФРАНЦУЗ КУРСТАР
БАЙЛАНЫСТАР
ИНТРАНЕТ
ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
© 2017 SORBONNE.KZ