|
Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан Институтында студенттері мен магистранттары, сонымен қатар Институт оқытушыларының қатысуымен ғылыми әдістемелік семинар өтті.
Ғылыми семинарды Қазақстан Республикасындағы Француз Республикасының Елшілігінің атташесі Ксавье Ле Торривеллек мырза өткізді. Іс-шараны Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Сорбонна-Қазақстан Институтының директоры Айнұр Сәбитова ашты.
Семинар барысында франкофондық білім беру, оқыту және Францияның жетекші университеттерінде тағылымдамадан өту саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ кездесу барысында Сорбонна-Қазақстан Институтының студенттері мен магистранттары халықаралық құқық, халықаралық қатынастар және экономика саласындағы әртүрлі мәселелерді қамтитын өз ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттарымен таныстырды.