ЖАҢАЛЫҚТАР

25-03-2022

2022 жылдың 25 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ, Сорбонна-Қазақстан институтының платформасында «Адам құқықтарын қамтамасыз етудің Еуропалық стандарттары» тақырыбында құқықтық диалог өтті. Іс-шараның ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі Комиссия, Abai University Сорбонна-Қазақстан институты, Еуропа Кеңесі мен Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы құқық үстемдігі жөніндегі бірлескен бағдарламасы, «Акселератор добра/Izgilik elshisi» Ұлттық еріктілер қозғалысының қатысуымен. Орталық Азиядағы заң кәсіптерінің өкілдеріне арналған Адам құқықтары саласындағы Еуропалық білім беру бағдарламасы (HELP) Вебинарды Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы, Қазақстан Республикасы атынан Еуропа Кеңесі Венеция комиссиясының мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Игорь Рогов жүргізді.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асылов және Абай атындағы ҚазҰПУ Ректоры – Басқарма Төрағасы Дархан Біләлов мырза құттықтау сөз сөйледі. Құқықтық диалогқа спикер ретінде белгілі заңгер-практиктер мен ғалымдар, Еуропа Кеңесінің өкілдері қатысты.
Шараға 300-ден астам қатысушы қатысып, мемлекеттік органдар өкілдері мен студент жастарды біріктірген вебинар аудиториясы аясында әртүрлі сұрақтар қойылып, талқыланды.
Толық құқықтық диалогты мына сілтемеден көруге болады:
https://www.youtube.com/watch?v=-_lnG-SQj6k
Қосымша ақпаратты мына сілтемеден алуға болады:
https://kazpravda.kz/n/prodvigaya-zashchitu-i-soblyudenie-prav/

1
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ІЗДЕУ


МҰРАҒАТ


БАСТЫ БЕТ
БІЗ ТҰРАЛЫ
БІЛІМ
ШЕТЕЛДIК ТАЛАПКЕРЛЕР
КАФЕДРАЛАР
СТУДЕНТТІК ӨМІР
ФРАНЦИЯДА ОҚУ
ГАЛЕРЕЯ
СЕРІКТЕСТІКТЕР
МАНСАП
ФРАНЦУЗ КУРСТАР
БАЙЛАНЫСТАР
ИНТРАНЕТ
ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
© 2017 SORBONNE.KZ