ЖАҢАЛЫҚТАР

16-03-2022

2022 жылғы 16-наурызда Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" Жолдауын арнады. Мемлекет басшысының бұл Жолдауы саяси реформалар бағдарламасын және жақын болашақта жүзеге асырылатын бірқатар әлеуметтік-экономикалық шараларды жүзеге асыруға арналған. Іс-шараға Парламент депутаттары, ҚР ПА өкілдері, Үкімет мүшелері және басқа да ресми тұлғалар, ЖОО ректорлары, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім Кеңесінің мүшелері, БАҚ өкілдері және т. б. қатысты.


Abay University Сорбонна-Қазақстан Институтының директоры Айнұр Сәбитова ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім Кеңесінің мүшесі және "Акселератор добра: Izgilik Elshisi" Ұлттық еріктілер қозғалысының жетекшісі ретінде отырысқа қатысты.
Қазақстан Республикасының Президенті "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты Қазақстан халқына Жолдауында ҚР саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған бірқатар жаңа бастамаларды жариялады. Жолдау мәтінімен келесі сілтеме бойынша танысуға болады:
https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-kazakstan-halkyna-zholdauy-1622340


ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин атап өткендей: "Жолдаудың әрбір бастамасын жете зерттеу үшін Президент әкімшілігінде жұмыс тобы құрылды. Сараптамалық сауалнамалар мен әлеуметтік зерттеулер сериясы жүргізілді. Ұлттық қоғамдық сенім Кеңесі, Қазақстан Республикасы Стратегиялық Зерттеулер Институты және басқа да алаңдарда, сондай-ақ өңірлерде Жолдауда ұсынылған негізгі бастамалар талқыланды. Уәкілетті мемлекеттік органдардың ұсыныстары ескерілді. Қоғамдық белсенділер мен тәуелсіз сарапшылардың ұстанымдары назарға алынды. Бір сөзбен айтқанда, бастамалар түрлі қырынан қаралып, мұқият пысықталды".

1
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ІЗДЕУ


МҰРАҒАТ


БАСТЫ БЕТ
БІЗ ТҰРАЛЫ
БІЛІМ
ШЕТЕЛДIК ТАЛАПКЕРЛЕР
КАФЕДРАЛАР
СТУДЕНТТІК ӨМІР
ФРАНЦИЯДА ОҚУ
ГАЛЕРЕЯ
СЕРІКТЕСТІКТЕР
МАНСАП
ФРАНЦУЗ КУРСТАР
БАЙЛАНЫСТАР
ИНТРАНЕТ
ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
© 2017 SORBONNE.KZ