|
«Халықаралық құқық» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранттары «Халықаралық құқық» кафедрасының доценті з.ғ.к. О.Б. Хусаиновтың жетекшілігімен оқытуда практикалық тәсілдерді кеңінен қолдану мақсатында "Интерпол желісі бойынша Қазақстан Республикасы мен Франция Республикасының құқық қорғау органдарының ынтымақтастығы"тақырыбы бойынша тәжірибелік модель форматында сабақ ұйымдастырды.
Интерпол қызметкерлерінің, сондай-ақ екі мемлекеттің құқық қорғау органдарының қызметін модельдеу кезінде магистранттар халықаралық қылмыстық полиция ұйымы (Interpol) аясында қылмыстық қудалауды жүзеге асыру бойынша өзара көмек саласындағы бірлескен ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін барлық қажетті құжаттар мен рәсімдерді дайындады және көрсетті.