|
Абай атындағы ҚазҰПУ-ның Сорбонна-Қазақстан Институтында «Халықаралық құқық» білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Білім беру үдерісі аясында студенттердің сахналанған сот және басқа да процессуалдық отырыстарға қатысу мүмкіндігі бар. Сонымен, сахналанған сот отырысы гибридті офлайн/онлайн форматында прокуратура (онда студенттер өндірістік тәжірибелерін өтеді) өкілдерін шақырумен өтті. Бұл процесс тәжірибелі оқытушы – халықаралық құқық кафедрасының тәжірибешісі, прокуратураның еңбек сіңірген ардагері Абрешева С.М.-ның басқаруымен өтті.
Студенттер үшін процесс қызықты болды, шақырылған сарапшылар оң бағасын берді және студенттердің өздеріне ұнады, өйткені мұндай сабақтар кәсіби дағдыларды меңгеруге көмектеседі.