|
Сәлемтсіздерме құрметті достар!
«Біздің түлектеріміз» атты рубрикамызды одан ары жалғастырамыз. Бүгін сіздердің назарларыңызға «Халықаралық қатынастар» білім бағдарламасының түлегі – Орумбаева Маржан туралы қысқаша ақпарат ұсынылады.
Орумбаева Маржан, Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна – Қазақстан Институтының «Халықаралық қатынастар» білім бағдарламасы бойынша бакалавриат және магистратурасының, сонымен қатар, Лотарингия университетімен жүзеге асырылатын - IFELES “Франция мен Европаның құқықтық және экономикалық жүйелеріне кіріспе ” атты қосдипломды білім бағдарламасының түлегі.
Оқуын аяқтаған соң, Маржан бірқатар уақыт төңірегінде Сорбонна-Қазақстан Институтының директоратында – Директорлардың ассистенті қызметінде жұмыс атқарып, алған білімін институтымыздың дамуына қоса білді.
Конкурстық іріктеуден өте отырып, Орумбаева Маржан қазіргі таңда Ақтоғай KAZ Minerals тау-кен байыту комбинатында Әкімшілік ассистент-аудармашы қызметінде жұмыс істеуде.
KAZ Minerals-Қазақстанда мыс өндіруді және жаңа тау-кен өндірістерін дамытуға бағытталған, мыс өндіру бойынша әлемдік деңгейдегі ірі компаниялардың бірі. Компания үш ашық және үш жерасты шахталары мен алты байыту фабрикасына ие.
Кәсіби қызметімен қатар Маржан ғылыми жұмыспен де белсене айналасуда.
Біз өзіміздің түлегімізді мақтан етеміз және Маржанға алдағы кезде тек кәсіби табыстар мен жеңістерді тілейміз!