ЖАҢАЛЫҚТАР

08-12-2021

8 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Халықаралық адам құқықтары күніне арналған «Қазақстан Республикасы Конституциясының адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі рөлі» атты дөңгелек үстел өтті. Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия, КЕАҚ Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Сорбонна-Қазақстан Институты.

Конференция барысында заң ғылымдарының докторы, профессор Қ.А. Мәми мырзаның редакциясымен жарық көрген «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы» атты академиялық курстың 2 томдық кітабының тұсаукесер рәсімі салтанатты түрде өтті. Академиялық курстың авторлары Конституциялық Кеңес мүшелері, Қазақстанның жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелерінің атақты ғалым-конституционалистері болды.
Аталған оқу құралының рецензенттері: ҚР ҰҒА академигі, Баймаханов, Авакян С.А. (Мәскеу мемлекеттік университеті, Мәскеу) және Айнұр Сәбитова (Абай атындағы ҚазҰПУ-дың СҚИ).
Оқу құралы заңға қызығушылық танытатын кез келген адамға қажетті құрал болып табылады.

Конференция аясында заң ғылымдарының докторы, Страсбург университетінің құрметті профессоры, Париж (Франция) Әкімшілік сотының экс-судьясы Патрик Долла мырза, сонымен қатар, ол Сорбонна-Қазақстан Институтының серіктесі және білім алушыларға дәріс оқиды. INALCO-мен бірлесіп жүзеге асырылатын “Enjeux mondiaux” бағдарламасымен оқитын магистранттар. Патрик Долла мырзаның «Франциядағы негізгі құқықтарды қорғау және конституциялық бақылау” тақырыбындағы баяндамасы оң бағаланып, қазақстандық ғылыми ортада үлкен қызығушылығын тудырды.

1
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ІЗДЕУ


МҰРАҒАТ


БАСТЫ БЕТ
БІЗ ТҰРАЛЫ
БІЛІМ
ШЕТЕЛДIК ТАЛАПКЕРЛЕР
КАФЕДРАЛАР
СТУДЕНТТІК ӨМІР
ФРАНЦИЯДА ОҚУ
ГАЛЕРЕЯ
СЕРІКТЕСТІКТЕР
МАНСАП
ФРАНЦУЗ КУРСТАР
БАЙЛАНЫСТАР
ИНТРАНЕТ
ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
© 2017 SORBONNE.KZ