ЖАҢАЛЫҚТАР

09-12-2021

3 желтоқсанда ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның азаматтардың және өзге де адамдардың білім алуға конституциялық құқықтарын және білім беру қызметтерінің жоғары сапасын қамтамасыз ету жөніндегі қызметіне арналған жиын өтті. Жиынға министрлер қатысты, жиында ҚР Білім және ғылым министрі асхат Аймағамбетов баяндама жасады. Сонымен қатар, Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, депутаттар, Қазақстанның жоғары оқу орындарының ректорлары шақырылды.

Жиын барысында азаматтардың және өзге де тұлғалардың қолжетімді және сапалы бастауыш, орта, арнайы-орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Талқылауға Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Дархан Билялов, Сорбонна-Қазақстан Институтының директоры, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі Айнұр Сәбитова қатысты. Айнұр Сәбитова жүйелі түрде волонтерлік қызметпен айналысатын талантты жастарға арнайы мемлекеттік стипендиялар құруды ұсынды. Сондай-ақ, Айнұр Сәбитова аталған стипендия толық білім алуға жұмсалатын шығындарды, атап айтқанда, бакалавриат пен магистратураның оқу нысандарындағы бүкіл оқу мерзімін өтеуі тиіс екенін атап өтті. Мұндай практика – тәжірибелі студент жастарды ынталандыру және қазақстандық жоғары оқу орындарының тартымдылығын арттыру қажеттілігін көрсететін жетекші еуропалық елдерде бар. Айнұр Сәбитова өз сөзінде жастардың белсенді және көтермеленетін қызметі азаматтық қоғамның дамуына, ұлттық сана-сезімді нығайтуға, Қазақстанның білімді ұрпағын тәрбиелеу үшін қажетті парасаттылық, адалдық сияқты қасиеттерді дамытуға оң әсер ететінін атап өтті.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Игорь Рогов өз сөзінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Сорбонна-Қазақстан институты тұлғасында халық арасында құқықтық насихаттау бойынша, сондай-ақ халыққа заңгерлік көмек көрсететін заңгерлерді тарта отырып, волонтерлік қызметті жүзеге асырады. Сонымен қатар, атқарып жатқан үлкен және белсенді жұмыстарына тоқталып өтті. Игорь Рогов Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ректоры Дархан Биляловқа белсенді қызметі мен жемісті ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді, өз кезегінде Дархан Билялов мырза, халықты ағарту және құқықтық насихаттауға бағытталған «Заң диалогтары» бірлескен жобасы бойынша алдағы уақытта да белсенді жұмыс істеуге дайындығын білдірді.

 

 

1
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ІЗДЕУ


МҰРАҒАТ


БАСТЫ БЕТ
БІЗ ТҰРАЛЫ
БІЛІМ
ШЕТЕЛДIК ТАЛАПКЕРЛЕР
КАФЕДРАЛАР
СТУДЕНТТІК ӨМІР
ФРАНЦИЯДА ОҚУ
ГАЛЕРЕЯ
СЕРІКТЕСТІКТЕР
МАНСАП
ФРАНЦУЗ КУРСТАР
БАЙЛАНЫСТАР
ИНТРАНЕТ
ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
© 2017 SORBONNE.KZ