|
Халықаралық француз тілі мұғалімдері күніне арналған іс-шара аясында «Қазақстанда француз тілін оқытудың қазіргі жағдайы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды». Қазақстандық іс-шараның негізгі бөлімінің модераторы Францияның Қазақстандағы Елшілігінің білім саласындағы ынтымақтастық жөніндегі атташесі Ксавье Торривеллек мырза болды.
Алматы қаласынан дөңгелек үстелдің негізгі спикерлері болып, Қазақстандағы француз тілі мұғалімдері қауымдастығының президенті Айгүл Дошанова, Есенберлин атындағы №25 мектеп-гимназиясының директоры Ғазика Аманбай ханым.
Нұр-Сұлтан қаласынан дөңгелек үстелдің негізгі спикерлері, А.Құрманов атындағы №17 мектеп-гимназиясының директоры Рамзия Умербаева, сондай-ақ, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ өкілдері, ҚР Ұлттық ғылым академиясының өкілдері сөз сөйледі.
Дөңгелек үстел аясында мектептерде француз тілін оқытудың проблемалары мен белсенділігіне талқылау жүргізіліп, француз тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру мәселелері және басқа да тақырыптар қозғалды.
Сондай-ақ, «Français sur objectifs universitaires (FOU)» тақырыбында шеберлік сыныбы ұйымдастырылып, оған қатсушылар қатарында болған Сорбонна-Қазақстан Институтының оқытушылары да қатысты.