|
Сайлау онлайн және офлайн форматта дауыс беру арқылы өтті.
1. Офлайн сайлау барысында университетке қарасты 7 институттан 14 үміткер
қатысып, үміткерлер жобаларын қорғады. Сорбонна-Қазақста институтынан офлайн форматқа «Халықаралық құқық» мамандығының 3 курс студенті – Әбілжанов Досхан мен «Есеп және аудит» мамандығының 2 курс студенті – Әуезханова Гүлжазира қатысып, өздерінің дайындаған жобаларын қорғап шықты. Офлайн сайлауға арнайы комиссия мүшелері құрылып, дауыс берді. Комиссияның дауыс беру нәтижесінде Сорбонна-Қазақстан институты бойынша Студенттік Парламентке «Халықаралық құқық» мамандығының 3 курс студенті – Әбілжанов Досхан өтті.
Комиссия Төрағасы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шыңғыс Нұрланұлы сөз сөйлеп, Студенттік Парламентке өткен үміткерлерді құттықтап, алдағы уақыттарда жұмыстарына сәттілік тіледі!
2. Онлайн форматта өткен сайлау нәтижесі бойынша – 575 дауыс жинаған «Халықаралық құқық» мамандығының 2 курс студенті – Сулейман Дархан өтті.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Студенттік Парламентіне өткен студенттерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!