ЖАҢАЛЫҚТАР

08-11-2021

   

8 қарашада Сорбонна-Қазақстан институтында "Заң диалогтары" жобасының "Қазақстанның конституциялық құқығының классикасы"тақырыбында кезекті вебинар-дәріс өтті. Ғылыми-білім беру алаңын Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, ҚР Конституциялық Кеңесі, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Сорбонна-Қазақстан институтының "Акселератор добра: Izgilik elshisi". еріктілер қозғалысының көмегімен ұйымдастырылды. 


Диалогтың модераторы дәстүр бойынша Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы, Қазақстанның Еуропа Кеңесі Венециялық комиссиясының мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Игорь Рогов болды. Өз сөзінде аталған іс – шара дәуірлік оқиғаға-еліміздің мемлекеттік тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналғанын атап өтті. Ол сондай-ақ, "Біздің жаңа мемлекеттілігіміз нөлден туындамағанын есте ұстау керек. Қазақстандық ғалымдардың, бірінші кезекте, заңгерлердің еңбектерімен жаңа мемлекетті құруға мүмкіндік берген әдіснамалық база қалыптастырылды. Әрине, біздің алтын ғылыми қорымыздың классиктерінің есімдері мен идеяларын білу маңызды".


"Қазақстанның конституциялық құқық классикасы" дәрісінің тыңдаушыларына Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор Қайрат Мәми құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ Қайрат Мәми бірінші кезекте конституциялық құқық саласындағы ғылыми еңбектер мен ізденістердің бірегей кітапханасын құру туралы бастама көтерді. Ол жиналғандарды Конституциялық Кеңеске бұрын жарық көрген заң ғылымы саласындағы ғылыми еңбектердің, монографиялардың, оқулықтар мен кітаптардың даналарын жолдауға шақырды. Бұл әдебиетке қол жеткізу тек ғалымдар үшін ғана емес, сонымен қатар барлық тәжірибелі заңгерлер үшін де еркін және қол жетімді болады. Оның пікірінше, мұндай шара ұлттық құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.

 

Талқылауда Сорбонна-Қазақстан институтының директоры Айнұр Сәбитова сөз сөйлеп, академик Ғ.С.Сапарғалиев пен 1987-2008 жылдар аралығында Алматы мемлекеттік университетінің (қазіргі Абай атындағы ҚазҰПУ) ректоры қызметін атқарған академик Т.С.Садықовтың қызметтік жолына тоқталып өтті. 1992 жылы университетімізде алғаш рет «Халықаралық құқық», «Құқықтану» мамандықтарының ашылды.  Қазіргі уақытта «Халықаралық құқық» бағдарламасы бойынша Францияның университеттерімен қос дипломдық бағдарлама белсенді түрде жүзеге асырылуда. Ол кезде академик Г. Сапарғалиев Абай атындағы мемлекеттік университетінің заң және халықаралық-құқықтық мамандығына талапкерлерді қабылдау комиссиясының төрағасы болды. Жас кадрларды дайындауға зор үлес қосқан барша ұстаздар мен тәлімгерлерді мәңгілік есте сақтау керектігіне тоқталды.

  

 

1
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ІЗДЕУ


МҰРАҒАТ


БАСТЫ БЕТ
БІЗ ТҰРАЛЫ
БІЛІМ
ШЕТЕЛДIК ТАЛАПКЕРЛЕР
КАФЕДРАЛАР
СТУДЕНТТІК ӨМІР
ФРАНЦИЯДА ОҚУ
ГАЛЕРЕЯ
СЕРІКТЕСТІКТЕР
МАНСАП
ФРАНЦУЗ КУРСТАР
БАЙЛАНЫСТАР
ИНТРАНЕТ
ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
© 2017 SORBONNE.KZ