|
2021 жылдың 5 қарашасында TotalEnergies E&P Kazakhstan бас директоры Ахлем Фрига-Ной ханымның студенттермен «Қазақстандық жастарға арналған - Француз іскерлік әлемімен танысу тәжірибелік бизнес курсы» өткізілді.
Бұл кездесу Сорбонна-Қазақстан Институтының платформасында онлайн және офлайн вебинар форматында өтті. Модератор ретінде вебинарды, Француз Республикасының Бас консулы Алексис Шахтахтинский мырза жүргізсе, іс-шараны алғы сөзбен Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы – Ректор Дархан Біләлов мырза және Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің Басқарма Төрайымы- Ректор Гүлзада Шакуликова ханым ашты. Вебинардың үйлестірушілері: Сорбонна-Қазақстан Институтының директорлары Айнұр Сәбитова және Кристин Бутейе.
Кездесуге Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан Институтының, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті мен Алматы менеджмент университетінің студенттері шақырылды. Өз кезегінде басты баяндамашы - TotalEnergies E&P Kazakhstan бас директоры Ахлем Фрига-Ной ханым тұрақты мультиэнергетикалық компанияны құру стратегиясы жайлы сөз сөйледі.