|
«Акселератор добра: Ізгілік елшісі» жалпыұлттық волонтерлік қозғалысының волонтерлері болып табылатын Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Сорбонна-Қазақстан Институтының студенттері «Денсаулық сақтаудағы француз инновациялары» форумына волонтер ретінде қатысты.
Біздің волонтерлар жұмысын Сорбонна-Қазақстан Институтының (Франция) директоры Кристин Бутейе және Сорбонна-Қазақстан Институтының (Қазақстан) директоры Айнұр Сәбитова үйлестірді.
Осылайша біздің студенттер француз-қазақстандық ынтымақтастығына өз үлестерін қосты, өздерінің мықты жақтарын, білімдерін көрсетіп, баға жетпес тәжірибе жинақтады.
Магистратура мен бакалавриат студенттері тілдік тәжірибеде және халықаралық іс-шараларды ұйымдастыруда үлкен тәжірибе жинақтады.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Сорбонна-Қазақстан институты студент жастарымызды қоғамға қызмет етуді күшейтуге бағытталған игі істерді көрсету рухында тәрбиелеуге үлкен көңіл бөледі.
Қазақстан Республикасындағы Франция Елшілігінің мәдени ынтымақтастық жөніндегі кеңесшісі Алекс Бортолан мырза Сорбонна-Қазақстан институтының волонтерлеріне алғысын білдірді.