ЖАҢАЛЫҚТАР

24-09-2021

La vie à  sorbonne.kz жаңа айдары онда біз Сорбонна-Қазақстан институтының түлектері мен студенттері туралы ақпарат береміз. Бүгін біз сіздерге халықаралық ұйымдар мен компанияларда өздерін тапқан Сорбонна-Қазақстан Институтының түлектері мен студенттері туралы айтатын боламыз. Бұл жастар үшін кеше ғана ең маңызды міндет семинарларға дайындық болып көрінген еді, бірақ бүгінде олардың әрқайсысы кәсіби жетістіктерімен мақтана алады. ИСК дирекциясы француз тілін жақсы оқитын дарынды студенттерге халықаралық тағылымдамадан өту үшін қолдау көрсетеді, сонымен қатар болашақ мамандардың өзін-өзі жүзеге асыруына жаңа мүмкіндіктер ашады. Сорбонна-Қазақстан Институтының сенімді серіктестерінің бірі - Франция-Қазақстан Сауда Өнеркәсіп Палатасы. Сорбонна-Қазақстан Институтының көптеген студенттері мен түлектері халықаралық тағылымдамадан өтіп, ұйымдарда қызмет атқарады. Сорбонна-Қазақстан Институтының түлегі Алмагүл Кусаинова Нұр-Сұлтан қаласында Франция-Қазақстан Сауда Өнеркәсіп Палатасында Бас хатшы қызметін атқарады.

Сорбонна-Қазақстан Институтының түлегі Фаиз Молотов конкурстық негізде «Total» деп аталатын француздық ірі мұнай-газ компаниясында қызметке тағайындалды. 

Сорбонна-Қазақстан Институтының 4 курс студенті Самат Шарипов Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Елшілігінде өндірістік тәжірибені сәтті аяқтады. 

Сорбонна-Қазақстан Институтының түлегі Адель Урикбаева қазіргі уақытта Алматы қаласында Франция-Қазақстан Сауда Өнеркәсіп Палатасында конкурстық негізде тағылымдамадан өтуде. 

Осылайша, біздің институттың түлектері кәсіби салаға тез бейімделуде және сүйікті альма-матер қабырғасында алған білімдерін сәтімен қолданады. Біз оларға алдағы қызметтерінде сәттілік тілейміз және қазіргі студенттерге қорықпауға және өздеріне сенуге кеңес береміз. Барлығы өз қолыңызда! 

1
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ІЗДЕУ


МҰРАҒАТ


БАСТЫ БЕТ
БІЗ ТҰРАЛЫ
БІЛІМ
ШЕТЕЛДIК ТАЛАПКЕРЛЕР
КАФЕДРАЛАР
СТУДЕНТТІК ӨМІР
ФРАНЦИЯДА ОҚУ
ГАЛЕРЕЯ
СЕРІКТЕСТІКТЕР
МАНСАП
ФРАНЦУЗ КУРСТАР
БАЙЛАНЫСТАР
ИНТРАНЕТ
ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
© 2017 SORBONNE.KZ