|
2021 жылдың 10 қыркүйегінде "Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының құқық қорғау аспектілері" атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің модераторы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Төрағасы, Нұрсұлтан Назарбаев Қорының атқарушы директорының орынбасары, з.ғ. д., профессор Игорь Рогов болды.
Талқылауға Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан институтының студенттері мен магистранттары, сондай-ақ "Акселератор добра: Ізгілік елшісі " Ұлттық еріктілер қозғалысының бірыңғай бастамасымен ұйымдастырылған заң клиникаларының еріктілері болып табылатын Алматы қаласы мен басқа да өңірлердің ЖОО студенттері шақырылды.
Құттықтау сөз кезегі төмендегі спикерлерге берілді: Калайчиди Алексей Дмитриевич - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі; Малахов Дмитрий Михайлович - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасары; Пан Наталья Виссарионовна - Қазақстан Республикасының Әділет Вице-министрі; Билялов Дархан Нұрланұлы - Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма Төрағасы - Ректор.
Спикерлер ретінде: Сәбитова Айнұр Әлімханқызы - Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан Институтының директоры, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Қоғамдық сенім Кеңесінің мүшесі, "Алматы Адалдық Алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі, "Акселератор добра: Izgilik elshisi" Ұлттық еріктілер қозғалысының жетекшісі, з.ғ. д., профессор; Байдельдинов Даулет Лаикович - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің деканы з. ғ.д., профессор, « Акселератор добра: ізгілік елшісі» әл Фараби атындағы ҚазҰУ заң клиникасының заңгері ; Абдрайым Бақытжан Жарылқасымұлы-з.ғ. д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, АХҚО академиялық Кеңесінің мүшесі
Дөңгелек үстелге төмендегі аты аталған ЖОО нан еріктілер қатысып, жолдауға қатысты өз ойларын еркін жеткізді: Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Д. А. Қонаев атындағы ЕУА, Абай атындағы ҚазҰПУ, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті.