ЖАҢАЛЫҚТАР

13-09-2021

8-10 қыркүйек аралығында Алматы қаласында Тәуелсіз Қазақстанның интеллектуалды әлеуеті: жас ғалымдардың қалыптасуы мен дамуының 30 жылдығына арналған халықаралық форумы өтті.
Ірі ғылыми шараны Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Ғылым жөніндегі кеңес ұйымдастырды. Форум АХҚО, "Атамекен" ҚР ҰКП, Astana Hub, "инновациялық технологиялар паркі"дербес кластерлік қорының қолдауымен ұйымдастырылды.
Халықаралық форумның екінші күнінің 5-ші сессиясын ұйымдастырушылардың бірі Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан институты болды. Сессияның тақырыбы:"Диспут: Құрлықтық және ағылшын құқығының конвергенциясы: жақтаушылар мен қарсыластар". 5 сессияның модераторы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Төрағасы, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары, з.ғ. д., профессор Игорь Рогов болды. Сессия үйлестірушісі болып Сорбонна-Қазақстан институтының екі тараптың директорлары Айнұр Сәбитова мен Кристин Бутие.


Сессияда ҚР және жақын шетел мемлекеттік органдарының өкілдері, Қазақстанның таяу және алыс шетел ғалымдары мен зерттеушілері сөз сөйледі. Сессия спикері Сорбонна-Қазақстан институтында "Халықаралық құқық" мамандығының студенттеріне арналған қос диплом бағдарламасы бойынша дәріс оқитын Лотарингия университетінің (Франция) профессоры, заң ғылымдарының докторы Франсуа Ксавье Ликари қатысты.


Сорбонна-Қазақстан Институтында оқитын студенттер мен магистранттар үшін бұл ғылыми форумы, ғылыми жобалардың бастамаларын және ғылыми саланы дамыту бойынша ұсыныстарды оқып шығуға мүмкіндік берді.

Ғылыми форумының толық бағдарламасы: https://scienceforum.kz/?__cf_chl_managed_tk__=pmd_EIoOkFb0pceyYCpX0bWaK7q30YQACBd6Zzrg1ecjv1U-1631506599-0-gqNtZGzNAqWjcnBszQaR#translyatsiya

1
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ІЗДЕУ


МҰРАҒАТ


БАСТЫ БЕТ
БІЗ ТҰРАЛЫ
БІЛІМ
ШЕТЕЛДIК ТАЛАПКЕРЛЕР
КАФЕДРАЛАР
СТУДЕНТТІК ӨМІР
ФРАНЦИЯДА ОҚУ
ГАЛЕРЕЯ
СЕРІКТЕСТІКТЕР
МАНСАП
ФРАНЦУЗ КУРСТАР
БАЙЛАНЫСТАР
ИНТРАНЕТ
ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
© 2017 SORBONNE.KZ