|
2021 жылдың 16 шілдесінде Нұрсұлтан Назарбаев Қоры «Астана» халықаралық қаржы орталығымен (АХҚО), Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан институтымен бірлесіп, «Алматы адалдық алаңы», «Акселератор добра: Izgilik Elshisi» Ұлттық еріктілер қозғалысының қатысуымен «АХҚО соты мен халықаралық төрелік орталығының юрисдикциясы: құқықтық қоғамдастыққа беретін артықшылықтары мен мүмкіндіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің модераторы Заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасынан Еуропа Кеңесі Венециялық Комиссиясының мүшесі, АХҚО Құқық Академиясының академиялық Кеңесінің мүшесі, Нұрсұлтан Назарбаев Қорының атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов болды.
Іс – шара үйлестіруші Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан институтының директоры, ҚР Президенті жанындағы ҰҚСК мүшесі, «Almaty Adaldyq alany» жоба кеңсесінің жетекшісі з.ғ.д., профессор Айнұр Сәбитова.
Аталған іс-шараның спикерлері: з.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, АХҚО академиялық Кеңесінің мүшесі, Бақытжан Әбдірайымов мырза, АХҚО сот өндірісі Департаментінің заңгері, Әділбек Казиев мырза, Начало формыБасқарушы директор - АХҚО әкімшілігінің құқықтық қамтамасыз ету департаментінің Директоры Еркін Буденов мырза, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі Агенттігі институционалдық реформалар департаментінің Директоры, Нұржан Қосбаев мырза болды.
Баяндамашылардың толық нұсқасын сілтеме бойынша танысуға болады: https://youtu.be/97yEkAe5FX8
Ақпарат көздері: