ЖАҢАЛЫҚТАР

07-06-2021

2021 жылдың 2 маусымында Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, ҚР Әділет министрлігімен, Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан институтымен және «Акселератор добра: Izgilik elshisi" Ұлттық еріктілер қозғалысымен бірлесіп, «Құқықтық диалогтар» жобасы аясында «Қазақстанның жаңа әкімшілік әділет заңнамасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

 

Бұл іс-шара Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне арналды.

Дөңгелек үстелді Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бекетаев ашты.

Дөңгелек үстелдің модераторы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының атқарушы директорының орынбасары, Қазақстан Республикасынан Еуропа Кеңесі Венециялық Комиссиясының мүшесі, АХҚО Құқық академиясының  академиялық кеңесінің мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Игорь Рогов болды.

Дөңгелек үстелдің ашылуында ҚР Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Қайрат Мәми құттықтау сөз сөйледі.

Сондай-ақ, аталған сессияда спикер ретінде Әділет Вице-министрі Наталья Пан, Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев, Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаева, Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы Талғат Сәрсенбаев, Лотарингия университетінің Құқық, экономика және басқару институтының директоры (Франция), заң ғылымдарының докторы, жария құқық профессоры, ұлттық сарапшы Пьер Тифин, "Орталық Азия елдерінде құқықтық мемлекеттілікке жәрдемдесу" халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамының құқықтық бағдарламасының басшысы», судья Йорг Пуделька, заң ғылымдарының докторы, Латвия университетінің профессоры (Рига қ.) Гунарс Кутрис және т. б. сөз сөйледі.

1
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ІЗДЕУ


МҰРАҒАТ


БАСТЫ БЕТ
БІЗ ТҰРАЛЫ
БІЛІМ
ШЕТЕЛДIК ТАЛАПКЕРЛЕР
КАФЕДРАЛАР
СТУДЕНТТІК ӨМІР
ФРАНЦИЯДА ОҚУ
ГАЛЕРЕЯ
СЕРІКТЕСТІКТЕР
МАНСАП
ФРАНЦУЗ КУРСТАР
БАЙЛАНЫСТАР
ИНТРАНЕТ
ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
© 2017 SORBONNE.KZ