|
Сорбонна-Қазақтан институтында 1-16 сәуір аралығында «ТАЗА СЕССИЯ» акциясы өтті. Шара аясында студенттер мен магистранттарды Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Академиялық адалдық» Кодексінің қағидаттарымен таныстырып, білім алудағы жауапкершіліктерін арттыру туралы талқыланды. Сорбонна-Қазақстан Институтының директораты, кафедра меңгерушілері, эдвайзерлер қоғамдағы адалдық, адам бойында білім алумен қалыптасатынын айта келе, білім алушыларды Абай атындағы ҚазҰПУ «Академиялық адалдық» Кодексін қатаң сақтауға шақырды.