|
Құрметті достар!
ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, Сорбонна-Қазақстан Институтының директоры Сәбитова Айнур Алимханқызы 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың атынан құттықтау адресатын алғанын хабарлаймыз.
Сәбитова А.А. және "Акселератор добра: Ізгілік елшісі" еріктілері пандемияның алғашқы күндерінен бастап мұқтаж адамдарға көмек көрсету бойынша үлкен белсенді жұмыс жүргізуде. Қазіргі уақытта жұмыс жалғасуда, сондай-ақ студент жастар мен халық арасында парасаттылыққа тәрбиелеу бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде.