|
«Акселератор добра: Ізгілік елшісі» ұлттық еріктілер қозғалысының жетекшісі, Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан институтының директоры, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Сәбитова Айнұр Әлімханқызы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырзаның атынан алғыс хат алып, үлкен құрмет көрсетілгенін хабарлаймыз.
Ағымдағы жылдың 20-ақпанында Сәбитова Айнұр Әлімханқызы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің құрамына кірді.
Карантин кезеңінде «Акселератор добра: Ізгілік елшісі» еріктілері көмекке зәру жандарға көмек пен қолдау көрсетуді жалғастырды, осылайша мұқтаж жандарға көмектесуге өз үлестерін қосты.