|
18.05.2020 ж. онлайн режимінде Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан институтының Ашық есік күні өтті. Іс-шараны Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры, профессор Т.О. Балықбаев ашты. Сондай-ақ, кездесу барысында Сорбонна-Қазақстан Институтының директоры Сабитова Айнұр Әлімханқызы мен Мадам Кристин Бутейе сөз сөйлеп, қазіргі қазақ-француз қос дипломды білім беру бағдарламаларын ұсынды. Олар Сорбонна-Қазақстан институтының студенттері үшін академиялық ұтқырлық, "Эразмус+" студент алмасу бойынша еуропалық бағдарлама шеңберінде серіктес жоғары оқу орындарында (Францияда) семестрлік оқудан өту мүмкіндіктері туралы айтып, магистранттар мен PhD докторанттары Францияда оқып, жетекші француз университетінен екінші диплом алуға мүмкіндік беретін үкіметаралық Абай-Верн бағдарламасы туралы ақпарат берді.