ЖАҢАЛЫҚТАР

05-05-2020

«Ардагерлерімізді ардақтайық» қайырымдылық акциясы

2020 жылдың 6 сәуірі күні Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында «Біздің Жеңіс!» акциясы аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаевтың бастамасымен «Ардагерлерімізді ардақтайық» қалалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады.

Іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тәрбие, әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты департаменті, «Акселератор добра»/«Ізгілік елшісі» еріктілер қозғалысы, университет қызметкерлерінің кәсіподағы, Ардагерлер кеңесі, Жастар ісі жөніндегі комитеті қатысады. 

Шара барысында университетімізде ұзақ жылдар бойы қызмет атқарған, Ұлы Отан Соғысының, еңбек майданы және тыл ардагерлеріне,   ауған соғысының ардагерлері және қауіптілігі жоғары аймақта қызмет атқарған сарбазға арнайы құттықтау және ақшалай сыйақы табысталады. Барлығы 38 ардагерге 2 670 000 теңге көлемінде ақшалай көмек көрсетіледі, сондай-ақ ардагерлерге нақты мекен-жайлар бойынша арнайы азық-түлік себеттерін жеткізу жоспарлануда.

Өтетін күні мен уақыты: 6 мамыр 2020 жыл, сағат 11.00

Өтетін орны: Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бас оқу ғимаратының алаңы (Достық, 13)

Шараның басты ұйымдастырушысы: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Анықтама үшін:

Акция аясында ҰОС ардагерлеріне 150 000 теңгеден, еңбек  майданының және тыл ардагерлеріне 50 000 теңгеден бөлінеді.  Ауған соғысы ардагерлеріне және қауіптілігі жоғары аймақта қызмет атқарған сарбазға - 50 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталады. 

Осыдан өзге Медеу ауданы бойынша университетімізге арнайы бекітілген  5 ардагерге азық-түлік корзиналары табысталады.

Сондай-ақ, Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында   университетімізде  2020 жылдың 27 сәуірі мен 9 мамыры күндері аралығында «Біздің Жеңіс!» онлайн-акциясы ұйымадстырылуда. Акция үш бағытта жүруде:

       - «Ешкім де ешқашан ұмытылмайды!»  эстафетасы.  Бұл эстафета барысында университет ҰОС, еңбек майданы және  тыл ардагерлерінің ерліктері  жастар арасында насихатталады;

        - «Естелік ізімен/ Дорогой памяти» әскери әндер байқауы. Байқау барысында кез келген қатысушы жанды дауыспен орындалған әнін, видое сүйемелмен @kazupu_zhastary инстаграмм желісіне жолдайды.

       - «Мәңгілік даңқ» онлайн-шеруі.  Бұл шара барысында әрбір студент немесе оқытушы өз отбасындағы ҰОС ардагерлерін дәріптеп, тағзым жасайды.

 

 

1
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ІЗДЕУ


МҰРАҒАТ


БАСТЫ БЕТ
БІЗ ТҰРАЛЫ
БІЛІМ
ШЕТЕЛДIК ТАЛАПКЕРЛЕР
КАФЕДРАЛАР
СТУДЕНТТІК ӨМІР
ФРАНЦИЯДА ОҚУ
ГАЛЕРЕЯ
СЕРІКТЕСТІКТЕР
МАНСАП
ФРАНЦУЗ КУРСТАР
БАЙЛАНЫСТАР
ИНТРАНЕТ
ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
© 2017 SORBONNE.KZ