|
12 наурыз 2020 ж., «Акселератор добра: Izgilik elshisi» РҚБ және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша Филиалы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумның негізгі мақсаты болып, жеке және заңды тұлғалардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау аясындағы Тараптар арасындағы ынтымақтастықты орнату, бірлескен және келісілген әрекеттерді жүзеге асыру табылады.
Меморандумға қол қою рәсіміне Сорбонна-Қазақстан Институтының директоры, «Акселератор добра: Izgilik elshisi» РҚБ жетекшісі Сәбитова Айнур Әлімханқызы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша Филиалы директоры Кирикбаев Данияр Батанович қатысты.
Меморандум аясында Тараптармен мұқтаж адамдарға заңгерлік көмек көрсету түрінде волонтерлік қызмет көрсету, қазақстандық қоғамда парасаттылықты, сондай-ақ адамгершілікті, мейірімділікті дамыту, қайырымдылыққа тәрбиелеу бағытында ынтымақтастықты орнату жоспаралануда. Тегін заңгерлік кеңес беру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша Филиалы тарапынан Алматы қаласының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының аумағында арнайы орындар беріледі.
Құқықтық кеңес беру Алматы қаласы ЖОО-ң заң мамандығындағы студенттері мен «Адал көмек» және «Әділ көмек» бірлесе жүзеге асырылады.
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімінің өткен орны: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша Филиалы, Абай көшесі 111 үй
Уақыты: 12.03.2020 ж., сағат 11.00