|
16 қазан 2019 ж. Сорбонна-Қазақстан институтының директоры, з.ғ.д., профессор А.А. Сабитова студенттерді Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Академиялық саясат» және «Академиялық адалдық кодексімен» таныстырды. «Абай атындағы ҚазҰПУ-де оқу процесін ұйымдастыру ашықтық, объективтілік және этикалық стандарттар негізінде жүзеге асырылады», - деді А.Сабитова.
Сондай-ақ, А.Сабитова ханым студенттерге плагиатқа және басқа да заңсыз жұмыстарға жол бермеуге, кез-келген бақылау кезінде алдау мен қулыққа баруға, шешілген тапсырмаларды көшіруге, басқа адамдардың тапсырмаларын көшіруге, басқа студент үшін емтихан тапсыруға жол бермеу керектігін түсіндірді.
«Студенттердің академиялық нормативтерді кез-келген түрдегі білімін бақылау кезінде бұзған жағдайда, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес студенттер университеттен шығарылады.» Студенттер өз кезегінде өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.