|
Абай атындағы ҚазҰПУ-ның Сорбонна-Қазақстан Институтының «Маркетинг» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері Мария Алтынникова мен Дали Патиева Бұхара мемлекеттік университетімен (Өзбекстан) онлайн режимінде өткізілген «Креативті экономика және оның COVID-19 контекстіндегі жаңа көріністері» атты халықаралық ғылыми жобалар байқауында «Орталық Азиядағы креативті экономика тенденциялары» тақырыбындағы жобасымен бірінші орынды иеленді. Жетекшісі: «Экономикалық мамандықтар» кафедрасының аға оқытушысы Асанова Айман Жанатқызы. Құрметті студенттерімізді және жетекшісін жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз және алдағы уақытта да табыстар тілейміз, осылай жалғастыра беріңіздер!