|
2021 жылдың 22 қазанында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер Академиясының ұйымдастыруымен «Біз-Тәуелсіз Қазақстанның жастары!» атты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Республикалық студенттер форумы өтті.
Форумға Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан институтытының «Халықаралық құқық» кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы, ғылыми жетекшісі Ш.А.Сабитованың жетекшілігімен студенттер қатысып, жүлделі 3-орынды иеленді.
Сорбонна-Қазақстан Институтының директораты мен ұжымы шын жүректен құттықтайды!