|
2021 жылдың 14 қазанында Сорбонна-Қазақстан Институтында гибридті онлайн/офлайн форматында «Халықаралық келіссөздер мен мәдени сипаттамалар» тақырыбында дипломатиялық клуб өткізілді, оған ғылым докторы, профессор, Орталық Азия елдері бойынша сарапшы, INALCO институтымен бірлесе отырып қос диплом бағдарламасының жетекшісі - мадам Катрин Пужоль қатысты.
Модераторлар: Халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Нұрлан Жамансарин мен белгілі ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Мұрат Сембинов. Ұйымдастырушы: «Халықаралық қатынастар» кафедрасы және ИСК дирекциясы. Халықаралық келіссөздерге қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Мадам Катрин Пужоль халықаралық келіссөздерге дайындық, тәсілдер мен оларды іске асыру мәселелеріне тоқтала отырып, осы тақырып бойынша өз тәжірибесі мен білімімен бөлісті. Соңында студенттер мен магистранттар өз сұрақтарын қойды. Айта кету керек, мадам Пужольдың дәрістері жас зерттеушілер мен ғалымдар арасында өте танымал.