ЖАҢАЛЫҚТАР

22-06-2020

22.06.2020 ж. Абай атындағы ҚазҰПУ-дің Сорбонна-Қазақстан институтында онлайн режимде ИНАЛКО "Жаhандану жағдайындағы халықаралық диалог" қосдипломдық бағдарлама бойынша магистранттардың диссертацияларын қорғауы өтті.


Магистрлік диссертацияларды қорғауда Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Т.О.Балықбаев, Елбасы - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қорының Атқарушы директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы атынан Еуропа Кеңесінің Венециялық Комиссиясының мүшесі, профессор И.И.Рогов, ҚР-дағы Франция Республикасы Елшілігінің ынтымақтастық және мәдениет бойынша кеңесшісі Лор Кастэн, Абай атындағы ҚазҰПУ-дің Сорбонна-Қазақстан институтының директорлары з.ғ.д., профессор А.А.Сабитова, Кристин Бутейе және Абай атындағы ҚазҰПУ-дің Сорбонна-Қазақстан институтының "Халықаралық қатынастар" кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к.,доцент Н.Ш.Жамансарин сәлем жолдап, сәттілік тілей отырып, сөз сөйледі.
Қорғауды француз жағынан келесі профессорлар қабылдады:
- Катрин Пужоль - Орталық Азияны зерттеу жөніндегі Француз институтының директоры, ИНАЛКО профессоры,
- Ассен Слим - ИНАЛКО бағдарламасының үйлестірушісі,
- Оливье Ферандо - Париж Сите Сорбонна университетінің профессоры,
- Адриен Фаув - Париж-Сакле университетінің профессоры.


Бүгінгі таңда магистрлік диссертацияларын сәтті қорғағандар:
1) Байдаулетова Майя Азимбаевна «Қазіргі Үндістанның модернизациясы және Қазақстан-Үндістан қатынасының жаңа кезеңі». Жетекшілері: Жамансарин Н.Ш., т.ғ.к., доцент, Катрин Пужоль - профессор.
2) Тапалова Дана Алиевна «Брексит тәжірибесі: референдумнан бастап қазіргі замандағы 2019 жылғы ағымдық жағдайға дейін» Ғылыми жетекшілері Жамансарин Н.Ш. - т.ғ.к., доцент, Оливье Феррандо - профессор.
3) Джанегизова Улсая Собирхановна «Францияның гуманитарлық саясаты халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы "жұмсақ күш" құралы ретінде Ғылыми жетекшілері Матакбаева Л.Х. - п.ғ.д., профессор, Оливье Феррандо - профессор.
4) Захарова Виктория Владимировна «Мәдени бағдарламаларды жүзеге асырудағы ЮНЕСКО мен Қазақстанның ынтымақтастығы: проблемалары, алдын-ала нәтижелері және маңызы» Ғылыми жетекшілері: Сембинов М.К. - т.ғ.д., профессор, Катрин Пужоль - профессор.
5) Шиабиден Тамила Қуанышбековна «Мәдениет Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы саясатындағы "жұмсақ" күш ретінде. Ғылыми жетекшілері: Байтурбаев А.Т. п.ғ.к., Катрин Пужоль, профессор.

1
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ІЗДЕУ


МҰРАҒАТ


БАСТЫ БЕТ
БІЗ ТҰРАЛЫ
БІЛІМ
ШЕТЕЛДIК ТАЛАПКЕРЛЕР
КАФЕДРАЛАР
СТУДЕНТТІК ӨМІР
ФРАНЦИЯДА ОҚУ
ГАЛЕРЕЯ
СЕРІКТЕСТІКТЕР
МАНСАП
ФРАНЦУЗ КУРСТАР
БАЙЛАНЫСТАР
ИНТРАНЕТ
ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
© 2017 SORBONNE.KZ