ЖАҢАЛЫҚТАР

07-06-2021

01.06.2021 ж. «Акселератор добра: Izgilik elshisi» ұлттық еріктілер қозғалысы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен бірлесіп, Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан институты мен Өнер, мәдениет және спорт институтының қолдауымен Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Мейірім палитрасы» қайырымдылық акциясын өткізді. Аталған іс-шара аясында балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған сурет салудан шеберлік сыныбы ұйымдастырылды.
Шеберлік сыныбын суретші-педагог, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚР БҒМ Білім беру ісінің кұрметті қызметкері, КСРО және ҚР суретшілер одағының мүшесі, “Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Қожағұлов Тоққожа Мұқажанұлы өткізді. Сонымен қатар балалар суретші атынан кәсіби сыйлықтарға ие болды. Еріктілер балаларға пикник ұйымдастырып, Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер, мәдениет және спорт институты жанындағы көркемсурет мұражайына экскурсияға апарды. 
Мерекелі іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, баларадың көңілінен шықты!

1
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ІЗДЕУ


МҰРАҒАТ


БАСТЫ БЕТ
БІЗ ТҰРАЛЫ
БІЛІМ
ШЕТЕЛДIК ТАЛАПКЕРЛЕР
КАФЕДРАЛАР
СТУДЕНТТІК ӨМІР
ФРАНЦИЯДА ОҚУ
ГАЛЕРЕЯ
СЕРІКТЕСТІКТЕР
МАНСАП
ФРАНЦУЗ КУРСТАР
БАЙЛАНЫСТАР
ИНТРАНЕТ
ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
© 2017 SORBONNE.KZ